«Кайыңды» демалыс орны
«Қайыңды» демалыс орны.
Бұл демалыс орын 2004 жылдан бастап істейді, Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданының, Қабанбай ауылында орналасқан. (Бұрынғы Жарбұлақ).
Орналасуы: Қабанбай ауылы (Жарбұлақ).
Қашыктығы: Алматыдан - 900 км., Семейден — 650 км., Өскеменнен - 630 км., Павлодардан - 900 км.
Жолы:
Автобус (комерциялық) - Алматы қаласынан Қабанбай-Батыр ауылына дейін, әрі қарай 1.5 шақырым біздің қөлікпен. Жол ақысы 400-6000 теңге бір адамға екі жағына.
Поезд - Алматы қаласынан Жалаңашкөл бекетіне дейін, әрі қарай 50 шақырым такси немесе көлікке тапсырыс беру.
Ұшақ - Алматы - Үржар, Семей - Үржар, Өскемен - Үржар, әрі қарай 130 шақырым такси немесе көлікке тапсырыс беру. Жол ақысы 31000 теңге, 17000 теңге, 19000 теңге бір адамға, екі жағына.
Жағажай: Көлдің жағасында майда тас, кей жерлерде қара құм. (шипалы, қара саз балшық бар).
Демалыс орны: коттедждер, 2-3 орынды корпусты үйлер.
Нөмірлер (эконом, стандарт, жартылай люкс және люкс). Нөмірлер санаттар бойынша жабдықталған.
Демалыс орын - 120 орын.
Айналасы қоршаулы, көлік түрағы, монша, балаларға арналған ойнайтын жер, тенниске арналған үстел бар.
Демалушылардың қалауы бойынша және де қосымша төлемақыға Жалаңашкөлге, «Барлық-Арасан» шипажайына экскурсия.
Түсіндірме
Осы жазбаның түсіндірмелерінің RSS таспасы.