Бұл демалыс орын 2004 жылдан бастап істейді, Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданының, Қабанбай ауылында орналасқан. (Бұрынғы Жарбұлақ).

Орналасуы: Қабанбай ауылы (Жарбұлақ).

Қашыктығы: Алматыдан - 900 км., Семейден — 650 км., Өскеменнен - 630 км., Павлодардан - 900 км.

Жетуі:

Автобус:  Алматы, Семей, Өскемен  қалаларынан автобуспен (коммерциялық) көл жағалауындағы автовокзалға дейін, автовокзалдан - демалыс орнының өкілі күтіп алады. Жол ақысы көлік компанияларының тарифіне сәйкес келеді.

Поезд:   Алматы, Семей, Өскемен  қалаларынан -  Жалаңашкөл бекетіне дейін пойызбен, содан кейін таксимен, автобуспен  немесе трансферге тапсырыс беру арқылы - 50 км., Демалыс базасына жетуге болады. Теміржол билеттерінің құны ҚТЖ тарифтері мен теміржол вокзалдарының қызмет ақыларына сәйкес келеді.             Пойыз билеттерін алдын-ала сатып алу қажет.

Ұшақ: - Алматы - Үржар, Нұр-Сұлтан-Үржар, Семей - Үржар, Өскемен - Үржар, әрі қарай таксимен, автобуспен  немесе трансферге тапсырыс беру арқылы - 120 км, демалыс базасына жнтуге болады.

Жағажай: Көлдің басқа жағалауындағыдай, Алакөлдің бұл жағалауында да  жанартау тастары бар, кейбір жерлерде қара құмдар бар (шипалы қара және ақ балшықта жанында).

Демалыс орны: коттедждер, 2-3 орынды блокты үйлер.

Бөлмелер: (стандартты және люкс) деп жіктеледі. Бөлмелер санаттар бойынша жиһазбен жабдықталған. Әр бөлмеде кереует, төсеніш, кілем, шкаф, тоңазытқыш, кондиционер, үстел, орындықтар, жуынатын бөлме, душ және т.б.

Тамақтану: демалыс орнының асхана бар, күніне 3 уақыт тамақтандырады, бағасы жолдамаға кіреді.

Аумақ: Барлық аумақ қоршалған, тәулік бойы күзет, автокөліктерге арналған паркинг, монша, балалар ойын алаңы, балалар ойнайтын батут, үстел теннисі.

Демалушылардың қалауы бойынша және де қосымша төлемақыға Жалаңашкөлге, «Барлық-Арасан» шипажайына экскурсия.