Қазақстандағы бірегей көлдердің бірі – Алаколь. Қазақстанның оңт-шығ. бөлігінде Балқаш-Алакөл ойысының шығ. шетінде орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының етегіне ұласады. Шығысында Жалаңашкөл арқылы Жоңғар қақпасына жалғасады. Көршілес Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөлдермен қосыла тізбектеліп Алакөл жүйесін құрайды. Ауданы 2200-2500 км²- ге дейін. Суының көлемі 58,5 млрд. м³. Ұзындығы 104 км, ені 52 км, орта тереңдігі 22,1 м (ең терең жері 54 м), жағалауының ұзындығы 384 км. Жалпы Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48 мың км² – ге жуық. Жалпы көл аралды, түбекті, қайырлы шығанақты, мүйісті келеді. Жағасы негізінен жайпақ, төрттік кезеңнің әр түрлі борпылдақ жыныстарынан, солт.-шығ. жағасы эолдық шөгінділерден түзілген. Үлкен және Кішкене Аралтөбе, Белқұдық т.б. аралдары бар. Атырабының климаты тым континеттік. Суының май-ноябрь аралығындағы орташа температурасы 4,5 – тан 15,3 С° –қа дейін; әсіресе қыркүйек айында суы жақсы жылынады. Айдың бетімен есетін минутына желдің жылдамдығы 2 –60 м/с; күзде және қыста күшейеді. Ең күшті толқындарының биікт. 2 – 2,5 м. Қарашаның аяқ шенінде мұз қата бастайды, ақпанда оның қалыңд. 0,8 м-ге жетеді. Майда мұзы түседі.Алакөлге 15 – тен астам шағын өзен құяды. Үржар, Еміл, Қатынсу, Жаманты, Жаманөткел, Тасты т.б. Алакөлдің көлемі үнемі ауытқып отырады.Мысалы: көл деңгейі 1909 –1946 жылдар аралығында 5,27 м. төмендегені анықталды, 1947-1974 ж. Керісінше 7,18 метрге көтерілді. 1975 жылдан көлдің аздап тартыла бастағаны байқалады. Судың минералдығы ауытқып отырады және тереңдеген сайын бұл шама арта түседі. Химиялық құрамы жөнінен көл суы – хлоридті-натрийлі келеді. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.).Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатра кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым. Жағасында Көктұма, Рыбачье, Жарбұлақ т.б. елді мекендер бар.
Алакөл деп аталатын көптеген су «ойпаттарынның» қасынан атақты Ұлы Жібек жолы өткені белгілі. Сол кездің өзінде-ақ саяхатшылар ауыр жолдан кейін көл жағалауында демалған кезде, көл суының қандай да бір таңғажайып жолмен күшті қалпына келтіретінін және денсаулықты бекітетінін байқаған. Адамдарда өзінен-өзі аяқтарындағы жаралар кетіп, денелеріндегі жаралар тез жазылып, радикулитпен ауыратындар белдегі ауруды ұмытытқан. Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеген. Алакөлдің теңіз тынысы даланың құрғақ та, ыстық иісімен араласып, қоршаған ортаға жағымды әсер етеді.
Сонымен қатар, археологтардың айтуы бойынша, Шығыс Қазақстанның картасындағы бұл ерекше орын қазіргі күнге дейін құстар тайпасы үшін өзіндік «Жібек Жолы» болып табылады. Құстар солтүстіктен оңтүстікке қозғалысы кезінде осы жерге демалу үшін тоқтайды. Бұл жер құстар үшін нағыз жұмақ. Мұнда құстардың қандай түрі бар десеңізші… Олардың ішінде сирек кездесетіндер де бар: үш жүз қанаттының ішінде 38-і Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, реликті шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар…
Үлкен қалалардан алыстығы және климаттың кейбір қатаңдығы көлді және оның фаунасын туристерден сақтаған болатын. Қазіргі кезде Алакөл жағажайында жазғы уақытта ине шаншар жер жоқ деуге болады. Өзіндік «экокапсуланың» бұзылуы көптеген қатерлер әкелуі мүмкін. Міне, сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алған соң табиғатты қорғауға көп көңіл бөліп келеді. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті биологиялық әртүрлілік жөнінде конвенцияны ратифицирлады. Мұнымен ерекше табиғи байлықты сақтауға деген ынтасын білдірді. Бұл құжаттың нағыз іске асуының көрінісі 1998 жылы Алакөл мемелекеттік қорығының құрылуы болып табылады.
«Алакөл» атауының шығуы жайындағы мәселелер жөнінде ғалым Ғ.Қонқашбаевтың айтуынша, ол «Ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына беретін ежелгі түрік және монғол сөздерінің Ала+кол деген қосындысынан шыққан. Сонымен қатар бұл көлдердегі судың түсі алғаш рет қарағанда ерекше болып келеді. Мысалы, Алакөл - бұлыңғыр және қара көк түсті, Сасықкөл - көгілдір, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Осыдан келе сыртқы пішіні, орналасуы, көлемі, судың түсі әртүрлі.
Сіздің демалысыңызды көңілді және шипалы өткізуге көлдің жағасында жайлы үйлер және демалыс аймақтары орналастырылған.
Біздің “Қайынды” демалыс орыны сіздерді асыға күтеді.