Алакөл көлі
Қазақстандағы бірегей көлдердің бірі – Алаколь. Қазақстанның оңт-шығ. бөлігінде Балқаш-Алакөл ойысының шығ. шетінде орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының етегіне ұласады. Шығысында Жалаңашкөл арқылы Жоңғар қақпасына жалғасады. Көршілес Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөлдермен қосыла тізбектеліп Алакөл жүйесін құрайды. Ауданы 2200-2500 км²- ге дейін. Суының көлемі 58,5 млрд. м³. Ұзындығы 104 км, ені 52 км, орта тереңдігі 22,1 м (ең терең жері 54 м), жағалауының ұзындығы 384 км. Жалпы Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48 мың км² – ге жуық. Жалпы көл аралды, түбекті, қайырлы шығанақты, мүйісті келеді. Жағасы негізінен жайпақ, төрттік кезеңнің әр түрлі борпылдақ жыныстарынан, солт.-шығ. жағасы эолдық шөгінділерден түзілген. Үлкен және Кішкене Аралтөбе, Белқұдық т.б. аралдары бар. Атырабының климаты тым континеттік. Суының май-ноябрь аралығындағы орташа температурасы 4,5 – тан 15,3 С° –қа дейін; әсіресе қыркүйек айында суы жақсы жылынады. Айдың бетімен есетін минутына желдің жылдамдығы 2 –60 м/с; күзде және қыста күшейеді. Ең күшті толқындарының биікт. 2 – 2,5 м. Қарашаның аяқ шенінде мұз қата бастайды, ақпанда оның қалыңд. 0,8 м-ге жетеді. Майда мұзы түседі.Алакөлге 15 – тен астам шағын өзен құяды. Үржар, Еміл, Қатынсу, Жаманты, Жаманөткел, Тасты т.б. Алакөлдің көлемі үнемі ауытқып отырады.Мысалы: көл деңгейі 1909 –1946 жылдар аралығында 5,27 м. төмендегені анықталды, 1947-1974 ж. Керісінше 7,18 метрге көтерілді. 1975 жылдан көлдің аздап тартыла бастағаны байқалады. Судың минералдығы ауытқып отырады және тереңдеген сайын бұл шама арта түседі. Химиялық құрамы жөнінен көл суы – хлоридті-натрийлі келеді. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.).Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатра кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым. Жағасында Көктұма, Рыбачье, Жарбұлақ т.б. елді мекендер бар.
Бізді таңдаудың себептері
Ыңғайлы үйлер | Жағалауда демалыс | ||
Дәмді тағамдар | Жан жақты демалу | ||
Әр-түрлі шынықтыру шаралары | Ұтымды баға! |